+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Алматыда мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлінді

2019 жылғы 12 тамыз 14:13
Бөлісіңіз:
Алматыда мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі Көпбалалы отбасыға шағын несие қалай беріледі Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды

«Қаладағы барлық білім беру орындарында оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Биылдың өзінде 204 жалпы білім беретін мектепке 258 оқушы қабылданады. Жалпы контингенттен бөлек көмекке мұқтаж, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары да білім алады. Алматы әкімдігі осындай мұқтаж отбасыларға көмек ретінде мектеп формасын алуға қаражат бөлді. Алматы бойынша 16 мың оқушы бар екен. Оларды мектеп формасымен қамтуға әкімдік 260 млн теңге қарастырды», - деді қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Сонымен қатар, қалада «Мектепке жол акциясы» жүріп жатыр. Шара аясында бизнес өкілдері мен белсенді қоғамдық ұйымдардың көмегімен 15 млн теңге жиналды.

«Бұл қаражатқа киім, мектеп формасы, аяқ киім, спорт киімі, оқу құралдары сатылып алынды. Акция қыркүйектің аяғына дейін жалғасады», - деді Г. Қожабергенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT