Алматыда мұқтаж 53 отбасыға пәтер берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін 53 отбасы қоныс тойын тойламақ. Кезекті тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар, әскери қызметшілерге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар «Думан-2» ықшамауданының (Меркур-Град) тұрғын үй кешенінен баспанаға қол жеткізді.

Салтанатты шараға тұрғындар, ҚИК өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

null«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша барлығы 26 бір бөлмелі пәтер (52,3-61,5 шаршы метр), 27 екі бөлмелі пәтер (76,8-83,9 шаршы метр) пайдалануға берді. Тұрғындар  пәтердің әр шаршы метрі үшін айына 1119,23 теңге төлейтін болады. 20 жылдан соң  баспана тұрғындардың  меншігіне беріледі. Несиені мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат етілген.

null «Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасымен 2015-2017 жылдар арасында  елімізде ҚИК 17 000 астам пәтерді пайдалануға берді. Алматыда 5000 жуық отбасы баспаналы болды. Жақында «Жас қанат» шағынауданында, Бесағаш ауылында пәтерлер беріледі. ҚИК бағдарламасы арнайы әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған», - деді «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Руслан Кәкім.

null«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оралмандарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар