Алматыда Мұқағали Мақатаев бейнеленген мурал пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасында Мұқағали Мақатаев бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақиық ақын бейнеленген алып картина Шәріпов пен Мақатаев көшелерінің қилысында орналасқан үйлердің бірінің қабырғасына салынды. Мурал Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. «Жақында «Мұқағали» фильмі ұлттық прокатқа шықты. Бүгін бәріміз ақынның құрметіне салынған қабырға суретінің ашылу салтанатына жиналдық. Ақын бейнеленген мурал қала тұрғындарының көңілінен шығады деп сенеміз. Біз сондай-ақ басқа да белгілі тұлғаларымызға мурал арнау идеясын қолдауды жалғастырамыз», - деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев.

Шараға ақынның туыстары қатысты. « Бүгін ерекше күн. Қаламызда ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған үлкен мурал пайда болды. Бұл үшін «Қазақфильм» киностудиясына алғыс айтқым келеді. Жақында ол туралы алғашқы көркем фильм жарыққа шықты. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын тойлау аяқталуға жақын қалды. Жуырда Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығында ескерткіш орнатылды. Алдағы уақытта оған арналған шараның бәрі осындай жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз», – дейді Мұқағали Мақатаеваның келіні Бақытгүл Айдарова.

Муралды Абай Сұлтан және Нұрболат Аманқұл есімді жас суретшілер салып шықты. « Мұқағали Мақатаева сынды көрнекті тұлғаның суретін салу біз үшін үлкен мәртебе. Оны бізге сеніп тапсырғандарына қуаныштымыз. Біздің туындымыз барлығына ұнайды деп ойлаймын. Муралдың көлемі 190 шаршы метр. Оны салуға бес күн кетті», - дейді суретші.


Соңғы жаңалықтар