Алматыда мүгедектерге арналған такси мен арбаларға 317 млн теңге бөлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мегаполистің биылғы бюджеті нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енгізілген өзгерістерден кейін бюджет көлемі - 426,2 млрд теңгеден 529,1 млрд теңгеге дейін арттырылды.

Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ілияс Өсеровтың айтуынша, салықтан тыс түсімдер, айыппұлдар мен өзге де салалар бойынша бюджетте қосымша қаражаттар пайда болған.

«Мемлекеттік сатып алулардан 2 млрд теңге, қайта үлестіруден 5,3 млрд теңге үнемделді. Сонымен қатар, негізгі капиталды сату - салықтық емес бөлікті асыра орындаудан - 1,7 млрд теңге, қаржылық активтерді сатудан 600 млн теңге түсім болды», - деді Ілияс Өсеров.

Қалада салық түсімі 143 млрд теңгеге өскені белгілі болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп, оның 6 пайызы шағын және орта бизнес есебінен болды.

Артылған сома қаланың қажеттілігіне жұмсалады. Басқарма басшысының сөзінше, әлеуметтік салаға 2,8 млрд теңге бөлінбек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арбамен, такси қызметі және үй көмекшісімен қамтамасыз ету үшін  317,8 млн теңге бөлінген.

«Жедел жәрдемді шақыру жиілеп кетті. Осыған орай қосымша 300 миллион теңге бөлінді. Себебі република бюджетінен бөлінген қаражат қосымша қажеттіліктерді өтей алмай тыр. Сондықтан жергілікті бюджеттен қаржыландыруға тура келеді. Биыл 8 аудандағы жолды жөндеуге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында келісімшарт жасасып, оған 400 млн теңге бөлінді. Яғни биыл тағы бірқатар жол қосымша жөнделетін болады»,-деді Ілияс Өсеров.

Соңғы жаңалықтар