Алматыда мүгедектерді оңалту орталығының директоры Г. Коржинская жалақыға заңсыз үстеме төлеп отырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қалалық департаментіндегі тәртіптік кеңесте сыбайлас жемқорлыққа әкелетін әрекетке жол берген шенеуніктердің әрекеті қаралды.

Алмалы аудандық мүгедектерді оңалту орталығының директоры Галина Коржинская жалақыны заңсыз өсіріп отырған. Тәртіптік кеңес барысында анық болғандай, орталық қызметкерлерінің жалақысына заңсыз үстеме төленіп отырғандығы анықталды.

Сондай-ақ, Галина Коржиснкая тиісті білімі жоқ мамандарды қызметке алып отырған.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тәртіптік кеңестің ұсынысына сәйкес Г.Коржинскаяға сыбайлас жемқорлыққа жайлы жағдай жасағаны үшін қатаң ескерту жариялады.

Сондай-ақ, «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры Хасенов Әрсен метал сынықтарын сату бойынша өткізілген конкурста жіберген заңсыздығы үшін тәртіптік кеңесте талқыланды.

Ол «Алматы жылу желілері» ЖШС алдында 16 103 182 теңге берешегі бар «Метпром» ЖШС-ын конкурсқа қатысуына мүмкіндік берген.

Онымен қоймай, «Метпром» ЖШС сатылатын метал сынықтарына деген 100 пайыздық алдын ала төлемді төлемесе де өзара келісімге қол қойылған.

Қазіргі таңда ЖШС-ның берешегі 45 637 086 теңгеге жетті.

Тәртіптік кеңестің ұсынысымен «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры Әрсен Хасеновке де ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар