Алматыда мүгедектер арбасына таңылған адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүгедектер арбасына таңылған адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты түнгі 23:30-да болған.

Toyota Camry Cracia әуежайға Құлжа тас жолымен бара жатып, сол жақта келе жатқан мүгедектер арбасындағы адамды қағып кеткен.

Алған жарақатынан ер адам қайтыс болды.

Қазір 25 жастағы жүргізуші ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен (Адам өліміне әкелген жол апатын тудыру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жақында сот шешімімен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар