Алматыда мүгедек әйелдердің құқықтары мен мүдделері талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «БҰҰ тұрақты даму бағдарламасы күн тәртібінде мүгедектігі бар әйелдердің құқықтары мен мүдделерін ескеру: Орталық Азия елдерінің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық конференция басталды, деп хабарлайды ҚАзқпарат.

Маңызды шараны Алматы әкімдігінің қолдауымен «Шырақ» мүгедек әйелдер бірлестігі өткізуде. Мәжіліс 2 күнге созылады. Тамыздың 13 мен 14 аралығында гендерлік теңдік, теңсіздіктің азаюы, медициналық тауарларға қолжетімділік, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі серіктестіктің дамуы, сондай-ақ, әділеттілік қолжетілімдік, сапалы денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру мен жұмыспен қамту мәселелері қаралады.

«Мүмкіндігі шектеулі адам қоғам назарында болуы керек. Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының мүшесі ретінде барлық халықаралық міндеттемелерге, конференцияларға және марапаттарға қосылды және мүгедек жандардың өмірін жақсарту міндеттерін қабылдады», - деді Қазақстандағы UNFPA (БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қоры) бағдарламасының қызметкері Нәзиза Молдақұлова.

«Алматыда, әрине, кедергілерді жою үшін көп жұмыс жасалады. Қала мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы бола бастайды. Жаңа нысандар барлық ережелерге сәйкес салынып жатыр ма? Бүгінгі жиында сол талқыланады. Алматы тарихи қала. Бірақ ғимараттарды мүгедек жандарға ыңғайлы етіп өзгерту шарт. Оларға тек медициналық және әлеуметтік қызметтердің тұтынушысы ретінде қарамау керек. Олардың көбі кәсіпкерлер. Мемлекеттік кірістер департаментіне кіреді, қоғамдық демалыс орындарына барады», - дейді «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ляззат Калтаева.

Ол, сонымен қатар, мүгедектіктің өзі дамып келе жатқан ұғым екенін атап өтті.

«Егер біз кеше мүгедектерге медициналық қызметке қол жетімділік қажет деп айтсақ, ал бүгін біз олар туралы әртістер, ата-аналар және спортшылар секілді қарап айтамыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары біртіндеп қорғалған сайын жаңа сұраныс пайда болады деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұрғын үйлерден шығу ең өткір мәселе. Біз үйлердің сыртында керемет кедергісіз орта құра аламыз, бірақ бұл адамдар үйлерінен шыға алмайды, бұл өте күрделі мәселе. Мен қалалық үйден шығу бағдарламасы болсын деп ұсынғанмын», - деді ол.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданады. Барлық ұсыныстар Қазақстанның мемлекеттік органдарына жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар