Алматыда мұғалімдер жалақысын ала алмай жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалімдерге жалақы төлеу кешіктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполистегі №160 орта мектеп мұғалімдерінің жалақысын уақытында төлемеу мәселесі әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қарасу» шағынауданында орналасқан №160 орта мектебінде мұғалімдерге жалақы төлемей жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қыркүйек айындағы жалақыларын алған жоқ. Мектеп директоры жыл соңына дейін кешігулер болатынын айтқан»,- деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық білім беру басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан мұғалімдердің жалақысы кеш төленді. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер алдындағы қарыз толық төленді», - деп хабарлады білім басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар