Алматыда мұғалімдер мектепте жүр деген ақпарат жалған - басқарма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова карантин кезіндегі білім беру басқармаларының жұмыс тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық білім басқармасы тарапынан іс-әрекет алгоритмі жасалған. Атап айтқанда, мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке келуге тыйым салынған. Бұған дейін ата-аналардың қалауына қарай келуге рұқсат болатын. Енді карантинге байланысты бақшалар жабылды», - деді онлайн брифинг кезінде Гүлнар Айтқұлова.

Басқарма өкілі мұғалімдер мектепте кезекшілікте жүр деген қауесетті жоққа шығарды.

«Олар қазір үйлерінде. Оқушылармен қашықтан байланысып жатыр. Білім басқармасы ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес мүғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысын сақтау туралы бұйрық шығарды. Білім мекемелерінің басшыларына қызметкерлердің ақылы демалыс алам деген қалауын орындауға ұсыныс берілді», - деді басқарма басшысының орынбасары

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.


Соңғы жаңалықтар