+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда мұғалім төрт баланы бүкіл сыныптың көзінше сабаған (ВИДЕО)

2015 жылғы 29 қараша 12:20
Бөлісіңіз:
Алматыда мұғалім төрт баланы бүкіл сыныптың көзінше сабаған (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп мұғалімі төрт баланы қатар тақта алдында сабаған. Оқиғаны оқушылардың бірі бейнекамераға түсіріп алған. Жария болған бейнеролик интернет пайдаланушыларының наразылығын тудырды.

Бейнероликте көрініп тұрғандай, мұғалім төрт оқушыны қатар тізіп қойып, шапалақтың астына алған. Бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрған.

Ғаламтор пайдаланушыларының айтуынша, келеңсіз жағдай Түрксіб ауданындағы 198 мектепте болған.

Әзірге құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Қалалық білім басқармасымен байланысу мүмкін болмады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT