Алматыда мотоциклдің артына скейтборд тіркеп алып жүргендер іздестірілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жастар қозғалыс үстіндегі мотоциклдің артына скейтборд тіркеп алып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экстремалды жастардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін бұзғандар іздестіріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі тексеру шараларын жүргізуде. Олар міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады. Жолда мұндай жағдайға жол берілмейді. Біріншіден, өздерінің өміріне қауіп төндіреді. Екіншіден, олар автокөлік қозғалысына кедергі келтірді», - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар