Алматыда мопедті қаққан автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автобус жүргізушісі мопед мінген адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қазан күні таңғы сағат 09:00-де автобус жүргізушісі мопедті қағып кетті. Мопедтің жүргізушісі құлап қалды. Қаққаннан кейін автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Белгілі болғанындай ол арақашықтықты сақтамаған», - деп хабарлады полициядан.

Мопед жүргізушісін жедел жәрдем қызметінің мамандары тексерді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Қазіргі уақытта полицейлер автобус жүргізушісін тауып, тіркеу үшін жол апаты болған жерге барды.


Соңғы жаңалықтар