Алматыда мопедтерді ұрлап, сатып келген қылмыстық топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мопедтерді ұрлап келген төрт адам ұсталды. Олардың ұрлық қылмысының бес дерегіне қатысы бары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, полиция бөлімшесіне ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мопед ұрлығы туралы шағымдар түсе бастаған.

«Күдіктілердің жеке басы анықталды және қазір қамауға алынды. Олардың қылмыстарының барлығы дерлік видеокамераға түсіп қалған. Күдіктілер түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз тұрған көлік құралдарын ұрлап келгенін айтты. Кейін мопедтерді сатып отырған. Осылайша, қаскөйлер екі мопедті сатып үлгерген, тағы үшеуі тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Ұсталғандар, Қазақстанның әр өңірінің тумалары. Олар 1997,1998,2000 және 2003 жылы туғандар. Бірі жас бола тұра, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұған дейін сотты болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы дәлелденуде. Жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр», - деді Дидар Аханов.


Соңғы жаңалықтар