Алматыда мопед жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мопед жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол  апаты Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

Бойжеткен бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп өтпек болған. Осы сәтте Розыбакиев көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқан мопед қызды қағып кеткен.

Жол апатынан жаяу жүргінші мен мопед жүргізушісі ауыр жарақат алды.  Олар шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жатқызылды.

Алматы полициясы болған жайдың себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар