Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.



Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылында болған.

«Мопед тізгіндеген Н. әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтықты сақтамаған. Осылайша, «Mitsubishi» маркалы көлікке соқтығысқан», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Мәлім етілгендей, мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған.

Полиция өкілінің айтуынша, жол апаты салдарынан мопедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған деректі Бостандық ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар