Алматыда мопед пен көліктің соғылуы салдарынан 24 жасар қыз ажал құшты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мопед пен жеңіл көліктің соғылуы салдарынан 24 жасар қыз қаза болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Алмалы ауданында орын алған. «Хонда» маркалы мопедінің жүргізушісі Бөгенбай көшесімен келе жатып «Хюндай Аксент» көлігімен соқтығысқан. «Мопедтің жүргізушісі, 40 жастағы Түркия азаматы бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетемін деп жол апатына себепкер болды. Оқыс оқиға салдарынан 3 адам жапа шекті. Көлік жолаушысы қалалық №5 ауруанаға жатқызылды. Ал мопед жолаушысы 24 жасар қыз жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Медициналық сараптама мопед жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкенін көрсетті», - деді қалалық ІІД анықтау бөлімінің басшысы Рустам Әбдірахманов. Полиция өкілдерінің айтуынша, Түркия азаматы ауруханадан қашып кетуге талпынған. Қазір ҚР ҚК 300-бабының-2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан заңнамасы бойынша оның айыптылығы дәлелденсе, 4 жылға бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар