Jańalyqtar
Алматыда монша өртенді
2018 жылғы 12 қаңтар 13:38
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда монша мен қонақ үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, Жетісу ауданы, Серпуховская 48 Б мекенжайындағы нысан өртеніп жатқаны туралы хабарлама таңғы 9:39-да түскен.
«Оқиға орнына шұғыл шыққан өрт сөндірушілер қалың түтін арасынан адамдардың бар жоқтығын тексерген. Тілсіз жау ғимаратқа жапсарлас тұрған ағаш констуркцияға көшіп кетуі мүмкін болғандықтан, өрт сөндірушілер шұғыл іс-қимылдады. Өрт 10:41-де ауыздықталып, 11:21-де толық өшірілді», - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Мозамбиктегі сұрапыл дауыл: 4 мың үй қирап, 160 мыңнан астам адам зардап шекті
- Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды
- Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды
- Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті
-
Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
-
Қытайда жер астында қалып қойған кенші екі аптадан соң құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER