+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда монша өртенді

2014 жылғы 19 желтоқсан 11:09
Бөлісіңіз:
Алматыда монша өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Тау самалы» шағын ауданы Мақатаев 62 мекенжайында орналасқан «Алтын сарай» моншалар кешенінде өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бас маманы Нұрбек Қожахметов айтты.

Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Моншалардың бірі толығымен өртеніп кетті. Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 арнайы көлігі мен жеке құрамның 30 адамы жұмылдырылды. Бір сағаттың ішінде өрт толығымен сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ.

Қазір өрттің неден тұтанғанын арнайы қызмет өкілдері анықтауда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT