+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматыда монша кешенінде жасырын казино жұмыс істеген

2021 жылғы 17 қыркүйек 10:24
Бөлісіңіз:
Алматыда монша кешенінде жасырын казино жұмыс істеген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда монша кешенінде жасырын казино жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген орындардан тыс казино және ойын автоматтарының қызметіне тыйым салынған.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері Алматы қаласындағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметінің жолын кесті. Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы, сондай-ақ қызмет көрсетуші персонал болғаны анықталды. Қызметкерлер шұға, түрлі номиналдағы ойын фишкасын, пластик карталарды тәркіледі.

Сонымен қатар, астыртын казинода тек тұрақты клиенттерді өткізу жүйесі жасалған. Ойыншылардың қаражатын қабылдау казино ұйымдастырушыларының карта шотына аудару арқылы жүзеге асырылды.

«Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді вдеомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT