Алматыда мониторингтік топ анықтаған мерекелік шараға блогерлер мен әртістер қатысқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мониторинг тобы «Royal Tulip» қонақүй кешені аумағындағы «Black star burger» мейрамханалар желісі өкілдерінің карантинді бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медеу ауданының мониторинг тобы 8 тамызда «Royal Tulip» қонақүй кешенінің аумағында карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Онда «Black star burger» өкілдері мерекелік шара өткізген. Қонақүй кешені мен «Black star burger» өкілдерінен түсініктеме алынды. Материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына берілді», - деп хабарлады Медеу аудандық әкімдігінен.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторинг тобының материалдары бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өтті.

Компанияның Instagram парақшасынан бұл іс-шараға Қазақстанның танымал блогерлері мен әртістері жиналғанын көруге болады.

Еске салайық, Алматы коронавирустан «қою қызыл» аймақта. Бас сандәрігердің қаулысына сәйкес, қалада көпшілік жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынған.



Авторы: Еламан Тұрысбеков


Соңғы жаңалықтар