Алматыда министрдің қатысуымен өткен тамыз кеңесінде төтенше жағдай орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР БҒМ министрі А.Сәрінжіповтің қатысуымен өткен тамыз кеңесінде жарықтың неге өшкені белгілі болды.

Алатау киноконцерт залына жақын маңда жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде кран-экскаватордың жұмысшысы қуаты 10 кВольт кабельді үзіп жіберген.

"Төтенше жағдай орын алды. Жұмысшы қазір орта деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Жарықтың өшуіне сол себеп болған. Қазір кабель қалпына келтірілді. Оған шамамен 15 минуттай уақыт кетті", - деді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Отарбаев Мәди.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы Алатау киноконцерт залында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов сөйлеп жатқан кезде жарық өшіп қалды. Министр мен қала басшысы Ахметжан Есімов баяндамаларын қараңғылықта оқуға мәжбүр болды.

Кейіннен жарық бірнеше рет өшіп қайта қосылды. Бұл биыл пайдалануға берілген Алатау киноконцерт залында өткен тұңғыш ірі шара болатын.

Соңғы жаңалықтар