Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Ведомство басшысы қаланы цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Сапар барысында министр Бағдат Мусин Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, мегаполисті цифрландыру саласындағы ағымдағы жағдайды және алдағы жылға жоспарларды талқылады.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин мен Бақытжан Сағынтаев әкімдіктің тапсырысы бойынша «Зерде» холдингі әзірлеген Алматы қаласының IT-архитектурасына қол қойды.

Бұл оңтайлы бағыттарды одан әрі дамыту және «SmartCity» платформасын іске асыру жолдарын айқындауға және басым жобалардың тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Министр Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында болып, оған «Crystal Spring» жүйесін таныстырды.

Жүйе жасанды интеллект (ЖИ) арқылы рентген суреттері негізінде өкпенің онкологиялық ауруларын диагностикалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ЖИ өкпе ауруларының 14 түрлі белгілерін, оның ішінде пневмонияны Covid-19 көріністерінің бірі ретінде анықтай алады.

Өнім 2020 жылғы наурызда бірнеше клиникаларда сынақ режимінде іске қосылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер оны күнделікті қолданады.

Бағдат Мусин Алматы қаласындағы ең ірі көпсалалы клиника – №7 Қалалық клиникалық аурухананың жұмысымен танысты. Министрге «Алматы жасанды интеллект зертханасы» әзірлеген CEREBRA жобасы таныстырылды.

CEREBRA дәрігерлерге инсультты ерте сатысында анықтауға көмектеседі.

Толық сараптамалық есепті компьютердегі веб-платформадан және iOS және Android-тағы мобильді қосымшалардан алуға болады.

Медициналық мамандар атап өткендей, инсульт кезінде миға қан ағынын қалпына келтіру барлық функциялардың толық қайтарылуымен 4,5 сағат ішінде мүмкін болады.

CEREBRA жобасына енгізілген ЖИ инсультты 10 минут ішінде тануға және инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін есептеуге көмектеседі.

«Алматы жасанды интеллект зертханасы» Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы болып табылатынын атап өту қажет.

Бағдат Мусин осындай жобалардың маңыздылығын және Қазақстанда, әсіресе медицина саласында ЖИ дамыту қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, министр жасанды интеллект «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басым кластерлерінің бірі болып табылатынын және министрлік стартаптармен, зерттеу ұйымдарымен және бизнеспен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын, оның арқасында осындай шешімдер іске асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан басқа, ведомство басшысы Қазақстан-Британ техникалық университетіне, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына барып, Алматының IT-қауымдастығымен кездесу өткізді.


Соңғы жаңалықтар