Алматыда мейрамханалар жұмыс уақыты қысқаруына қарамастан той өткізген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының мониторингілік топтары бір түнде карантин шарасын бұзған 6 нысанды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 27 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 6 нысан анықталды.

Алмалы ауданының мониторингілік тобы Сейфуллин даңғылы 483 мекенжайындағы «Мега Парк» сауда орталығында корей мейрамханасының 22.00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады.

Бостандық ауданында заң бұзған төрт нысан анықталды:

- Мұстафин көшесі 56/1 мекенжайы бойынша «CTR Chiken Алматы» тез тамақтану дәмханасы — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Мұстафин көшесі 56/8 мекенжайы бойынша «Red Dragon» фастфуд өнімдерінің дүкендері мен дүңгіршектер желісі — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Мұстафин көшесі 56/2 мекенжайы бойынша «Салам бро» тез тамақтанудың дәмханалар және дүңгіршектер желісі — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Наурызбай батыр көшесі 125 мекенжайы бойынша «Playstation» ойын клубы — нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен.

Медеу ауданында «Достық даңғылы, 87а» мекенжайындағы «Venezia» мейрамханасында сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар