Алматыда мейрамхана мен барға 80-нен астам адам жиналған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин шектеуіне қарамастан мейрамхана мен барға 80-нен астам адам жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

16 мамырда түнде шектеуді бұзған 7 оқиға тіркелді, оның алтауы мейрамхана, дәмхана және дүкен, біреуі компьютер клубы.

Бостандық ауданында «Нино» мейрамханасы жұмыс істеген, онда 80-ге жуық келуші болған.

Медеу ауданында «Атмосфера» бары жұмыс істеген, онда 80-ге жуық адам болған.

Мониторинг топтары өкілдерінің мәліметінше, аталмыш нысандарға айыппұл салынған, онда келушілер лимиті мен әлеуметтік қашық сақталмаған.

Мысалы, «Атмосфера» барында 80-нен астам адам болған, іштегілер билеп жатқан. Ғимараттың сыртқы жағынан қарағанда, мекеме жұмыс істемейтін сияқты, алайда қонақтар қосалқы кіреберіс арқылы ішке жіберілген. Бардың қожайынына әкімшілік хаттама толтырылды.

Санитарлық нормалар бұзылған «Нино» мейрамханасында мониторинг тобы ТЖ қызметін шақырды, өйткені әкімшілік мониторинг тобының жұмысына кедергі келтірді. Эпидемиологиялық талапты сақтамау, сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша тиісті материалдар жиналды.

Қалада 20 наурыздан 16 мамырға дейін белгіленген шектеуді бұзуға қатысты барлығы 841 факт анықталды, оның ішінде:

* Алатау ауданында – 19 ;

* Алмалы ауданында - 198;

* М.Әуезов ауданы -140;

* Бостандық ауданында - 137;

* Жетісуда - 52;

* Медеу ауданында - 149;

* Наурызбай ауданында - 50;

* Түрксіб ауданында - 91.

3 мыңнан астам жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігі адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады. Әлеуметтік қашықты сақтау және бетперде кию маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, карантин шектеуін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар