Алматыда мейрамхана маңындағы атыста 1 адам жараланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мейрамхана маңындағы атысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Алмалы ауданындағы мейрамханалардың бірінде түнде болған. Белгісіз тұлғалар аңшы мылтығымен атқан.

Салдарынан бір адам жараланды. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

"Дəл қазір жанжал шығарғандардың кім екендігі анықталды. Оларды ұстауға əрекет жасалып жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК 293 бабы бойынша бұзақылық деп бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді",- деді Алмалы аудандық ІІІБ басшысы Асқар Болатов.

Соңғы жаңалықтар