Алматыда мейрамхана маңында болған атыста бір адам жараланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мейрамхана маңындағы атысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Алмалы ауданындағы мейрамханалардың бірінде түнде болған. Белгісіз біреулер аңшы мылтығын пайдаланып атыс шығарған. Салдарынан бір адам жараланды. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. "Дəл қазір жанжал шығарғандардың кім екендігі анықталды. Оларды ұстауға əрекет жасалып жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК 293 бабы бойынша бұзақылық деп бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді", - деді Алмалы аудандық ІІІБ башысы Асқар Болатов.

Соңғы жаңалықтар