Алматыда «Мейірім-2016» балалар шығармашылығы байқауы басталды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Мейірім-2016» балалар шығармашылығы байқауы басталды. Осымен 8-рет өткізіліп жатқан байқауға Алматыдағы балаларға арналған 17 әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушілері қатысып жатыр.

Бүгінгі іріктеу сынында қазылар алқасы 1000-ға жуық үміткерді тыңдап шықпақ.

Олардың ішінен үздік шыққандар Астанада өтетін «BI-Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің гала концертінде өнер көрсетпек.

Балалар хореография, вокалды орындау, аспапта ойнау, ыммен ән айту, декоративті қолөнер бұйымдарын жасаудан, бейнелеу өнерінен бақ сынап жатыр.

«Бұл байқау мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балалардың арасында талантты, зерек қатысушыларды анықтауға бағытталған.

Биыл 10 интернат, 3 балалар үйінің, 3 мемлекеттік әлеуметтік мекеменің, 1 жалпы интернаттың оқушылары қатысып жатыр. Бүгін кешке дейін Марат Омаров, Толқын Забирова, Максат Жаутіков, Ерлан Сабитов сынды өнер майталмандары 1000-ға жуық үміткердің өнерін бағалайтын болады. Біздің мақсатымыз өнерлі балалардың талабын қолдау», - деді Марат Оспанов атындағы қоғамдық қордың директоры Бақыт Оспанова.

Айта кету керек, жеңімпаздарға гала концертке жолдамадан бөлек республикалық және қалалық шипажайларға жолдама беріледі.

2 3 4 5 6 7 8

Соңғы жаңалықтар