Алматыда метро құрылысына байланысты жолдар жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда метро стансасының құрылысына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі хабалағандай, жақында метро құрылысының екінші кезегі басталады.

«Осы орайда, Мәскеу стансасынан Достық стансасына дейін метро нысандарының құрылысы басталады. Осыған байланысты 12 шілде мен 31 тамыз аралығында Абай көшесінің Бауыржан Момышұлы көшесінің шығысына қарай жол қозғалысы жабылады. Ал Момышұлы көшесімен келе жатқан қоғамдық көліктер Абай көшесіне бұрылуы үшін арнайы жол кестесі ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар