Алматыда метро құрылысы жалғасады - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының құрылысы жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін халыққа есеп беру кезінде мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы метросының құрылысы дағдарысқа қарамастан биыл жалғасады.

«Мен Мәскеу, Сайран стансаларының құрылысы былтыр желтоқсанда бітетінін айтқан болатынмын. Құрылыс уақытында аяқталды. Сондай-ақ, оны пайдалануға беру тек, сынақ жұмыстары аяқталған соң ғана жүзеге асады дедім. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беріліп қалады деп үміттенемін. Ол үшін бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді», - деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, метро бүгінде қарқынды дамып келеді. Осы уақытқа дейін 20 млн жолаушыны тасымалдап үлгерді. Күніне 20 мыңға жуық адам метро қызметіне жүгінеді. Қала басшысы метро, газбен жүретін көліктердің санын арттыру қаланың экологиялық ахуалын жақсарта түсетінін де атап өтті.

«Қазір қоғамдық көліктердің 60 пайызы газға көшті. Енді жеке автопарктерге экологиялық таза отын газ бен электрге көшуді ұсынып отырмыз», - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар