Алматыда метро құрылысы қалай жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанадағы метро құрылысы қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл метро құрылысы бойынша бұрынғыдан көбірек қаражат алдық. Үкімет бізді қолдады. Құрылысты жүргізу үшін 20 миллиард теңгедей бөлінді. Соңына дейін барамыз. Алда 4 станса бар, 2 станса қаражатпен қамтылды. Алдағы екі түпкі станса келешекте салынады», - деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім метроның бюджет есебінен салынып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар