Алматыда метро бекеттің жанынан оқ-дәрілер табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Абай» метробекетіне жақын орналасқан шыршалардың түбінен оқ-дәрілер табылды. Оларды полицияның «Дозор» есімді иті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түске таман инспектор-кинолог «Абай» бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты кімге тиесілі екені тергеу барысында анықталады», – деді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігі халыққа жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеу керектігі жайында айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар