Алматыда мешіттер қашан ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев онлайн брифинг барысында мешіттерді кезең-кезеңмен ашу жоспарланып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің толымдылығын 30 пайыздан асырмай, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу туралы ұсыныс жасады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзыретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу тұралы ұсыныс берді. Өткізген келіссөздерде ҚМДБ-ның ұсынысы мақұлданды. Мешіт толымдылығын 30 пайыздан асырмау, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Мешіттер жақын күнде қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – дейді Ермек Көкірекбаев.

Сонымен қатар, ол егер мешіттердің жұмысы жанданатын болса, санитарлық талаптар толық сақталатынын жеткізді.

«Қаладағы барлық мешіттерге дезинфекция жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілген. Демеушілердің көмегімен қазір дезинфекция жасайтын құрылғылар сатып алынды, яғни мешіттер қауіпсіздік шараларына сақадай сай отыр», - деп қортындылады Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.


Соңғы жаңалықтар