Алматыда мерекелерді ұйымдастыратын кеңсе мен тұрғын үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мерекелік іс-шараларды ұйымдастыратын кеңсе мен тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, «101» нөміріне таңғы 10:09-да Мұқанов көшесі, 152 мекенжайында орналасқан  жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минуттан кейін, 10:24-те жетті. Ол кезде бір қабатты ғимараттың шатыры жанып, опырылып құлап үлгерген. Жалын жақын орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің шатырына ауысқан», - деді ТЖД-ның ресми өкілі.

null

Тілсіз жау шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Онымен күрес барысында салтанатты шаралар мен мерекелерді ұйымдастырумен айналысатын «Шар дизайн» ЖШС ғимаратынан 37 геллий баллоны (бос), жер үйден көлемі 27 литрлік 4 газ баллоны шығарылды.

Жалын 11:14-те ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. 

null

 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар