Алматыда мереке күндері азық-түлік арзан бағада сатылады
Төмен бағадағы азық-түлік өнімдері демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер мен қаладағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының 8 азық-түлік орталығында сатылады.
«Белгіленген құн бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 6 түрі ұсынылған: тауық еті, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат. Аталған өнім нарықтағы орташа бағадан 15-40%-ға арзан» делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар, сауда сөрелерінде жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр да болады.
«Жыл соңына дейін өнімді төмендетілген бағамен сататын павильондар саны 22-ге дейін артады. Оған қосымша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен өңірлердің құс фабрикалары, сондай-ақ қаланың жылыжай кешені тартылды»,-деп қосты әкімдік.
Демалыс күндері өтетін жәрмеңкелердің мекенжайы:
1. Алмалы ауданы, Гоголь-Масанчи к-сі қиылысы;
2. Бостандық ауданы, «Қазақфильм», Жароков көшесі-әл-Фараби даңғылынан жоғары;
3. Әуезов ауданы, Абай - Өтеген батыр к-сі қиылысы;
4. Жетісу ауданы, «Құлагер», Серіков пен Қазыбаев көшесі.
Жұмыс уақыты: 8.00-19.00 аралығында.
Азық-түлік павильондарының мекенжайы:
1. Төле би-Саин көшесі;
2. Шаляпин-Алтынсарин көшесі;
3. Абай-Алтынсарин даңғылы;
4. Мыңбаев көшесі-6 желі;
5. Абай-Момышұлы даңғылы;
6. Абай даңғылы-Саин;
7. Төле би-Фуркат көшесі;
8. «Құлагер» ықшамауданы.
Жұмыс уақыты: 9.00-21.00 аралығында.