Алматыда мереке күндері 284 сәби дүниеге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтардың 1-інен 5-іне дейінгі аралықта 284 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова айтты.

«Биыл Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Алматы қаласының 7 перзентханасында 284 сәби дүниеге келді. Олардың 140-ы ер бала, 144-і қыз бала. Ең көп сәби іңгәсі естілген биыл Перинаталогия және балалар хирургия орталығы болды. Мұнда 66 бала туылды», - деді Жанат Қасымжанова.

Оның айтуынша, жалпы 2014 жыл оңтүстік астана үшін «беби-бум» жылы болды. 12 ай ішінде Алматы мемлекеттік босандыру мекемелері 40 584 баланың өмірге келуіне көмектескен. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2013 жылы Алматыда 38 216 бала дүние есігін ашқан.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жас босанған аналарды құттықтап, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Соңғы жаңалықтар