Алматыда «Mercedes-Benz» көлігі өртеніп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда GL классты «Mercedes-Benz» көлігі түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Райымбек пен Сейфуллин көшесі қиылысына жақын болған. Машина көлік жуу орнында тұрған кезінде тұтана бастаған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.
Тілсіз жау көлікті мүлде жарамсыз етіп, 6 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өртенген көлікке жақын тұрып, жалынның ыстығы шарпыған «Reno Duster» көлігі мен «Золотой Дракон» мейрамханасының әйнектеріне зақым келді.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 10 минутта ауыздықтап үлгерді.

Публикация от @kris_p_almaty #1 ViP 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 22 Мар 2018 в 6:36 PDTПубликация от @kris_p_almaty #1 ViP 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 22 Мар 2018 в 6:36 PDT

Соңғы жаңалықтар