Алматыда менингококк инфекциясының өршуі: Вице-министр тексеруге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірге Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына менингококк инфекциясының өршу оқиғасын тексерумен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ердан Сералиннің дерегі бойынша, оларға күн сайын 300 науқас келеді. Менингококк инфекциясының өршігені туралы хабарламадан кейін, бұл көрсеткіш 500 балаға дейін жеткен. Олардың 20% ауруханаға жатқызылды.

«Біздің клиника 360 орынға арналған. Қазіргі таңда бізде 328 науқас емделіп жатыр. Негізінен, балалардың көбі өткір вирустық инфекцияны жұқтырған. Сондай-ақ, ішек инфекциясы жағдайлары да бар. Менингокок инфекциясымен 4 бала түсті. Екеуінің жағдайы тұрақты. Олар арнайы бөлімде жатыр. Бір қызды бұдан бұрын ауруханадан шығардық. Тағы бір жағдай өліммен аяқталды. Балалар арасында инфекцияның өршуі байқалған жоқ. Көбісі ОРВИ бойынша шағымданды», - деді Е. Сералин Денсаулық сақтау министрлігінің делегаттарына.

Сондай-ақ, бас дәрігер ауруханада ұйыма және ірің менингитіне шалдыққан науқастардың жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда бізде күрделі менингитке шалдыққан 15 бала және іріңді түрімен ауырған 12 бала жатыр. Бәрінің жағдайы тұрақты, тек біреуі жансақтау бөлімінде. Бұл аурулар менингокок инфекциясына ешқандай қатысы жоқ. Барлығы балаларының менингокок инфекциясына шалдықты деп ойлап, дүрбелең туғызуда. Ең басты кезекте кенеттен қызу көтерілуге мән беру керек, егер мұрны ағып, аяқтары ауырса, денесінде әлсіздік болса және бөртпе басса, жедел жәрдем шақыру керек. Сол кезде ғана баланы құтқарып қалуға болады. Қалған барлық жағдайда, дәнекерсіздендіру және вирусқа қарсы терапия қолданылады», - деді бас дәрігер.

Бұдан бұрын дәрігерлер менингококк инфекциясынан төрт адамның: үш ересек пен кішкентай баланың көз жұмғаны туралы хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар