Алматыда менингиттің жаппай тарауы болған жоқ - мамандар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметік желі қолданушылары серозды менингит ауруының таралып жатқанын айтып, ғаламторды дүрліктірген болатын. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарластық. Біздің сауалымызға департамент басшысының міндетін атқарушы Мұрат Біржанов жауап берді.

-  Мұрат Қарғашұлы, әлеуметік желіде қалалықтар серозды вирусты менингиттің таралып жатқаны туралы хабарлап жатыр. Осы ақпарат тұрғындар арасында қорқыныш туғызуда. Біреулер баласын жазғы лагерьге, біреулер бассейнге жібереді. Қауесет қаншалықты рас?

- Жазда Алматыда жылда серозды менингитпен ауыру жағдайлары кездеседі. Бұл дерттің қоздырғышы - энтеровирустар. Бұл жылда жазда кездеседі. Дәл қазір сол маусым келді. Жалпы алғанда қазір Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жыл басынан бері 8 жағдай зертханалық талдаулармен расталды. Алпы жаппай тарау болған жоқ. Менингок жұқпасын жұқтыру жағдайы мүлде тіркелген жоқ.

Өткен жылғымен салыстырғанда ауру көрсеткіші артып келе ме?

- Жоқ. керісінше төмендеп келеді. Осы кезеңде былтыр 13 жағдай тіркелген. Яғни 41 пайызға төмен.

-  Бұл ауру тек балаларға ғана қауіп туғыза ма әлде ересектер де сақтануы керек пе?

-  Негізінен, ең көп ауыратын 3-6 жас аралығындағы балалар. Жасы ұлғая келе адамның серозды менингит қоздырғышына деген қарсылығы ұлғайып, иммунитет пайда болады. Сондықтан, ересек адамдар өте сирек ауырады.

-  Қазақта сөз бар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген. Ауырмауға қандай кеңес бересіз?

-  Ең алдымен алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Ас ішудің алдында, әжетханадан соң қолды сабындап жуу, жеміс-жидекті жақсылап тазалап жеу керек. Балалар тек тазартылған немесе қайнаған су ішкені абзал. Суға түскенде де тек тексерілген суға ғана түсуге, кез-келген көлшіктерге шомылудан аяқ тартқан дұрыс.

-  Сұхбатыңызға рахмет.

Соңғы жаңалықтар