Алматыда менингиттен көз жұмған баланың мәліметін таратқандар жауапқа тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда менингиттен көз жұмған баланың жеке мәліметін таратқандар жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің мамандары айтты.

«Бүгінде 3 адам көз жұмды. 7 адам өлді деген ақпарат жалған. Бұл ақпарат халық арасында қорқыныш тудырады. Сонымен қатар, қаза болған баланың жеке бас мәліметтерін, дәрігердің қорытындысын желіге салған тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұл мәселені құзырлы органдарға табыстайтын боламыз», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Айта кету керек, Алматыда соңғы 1 айда менингокок жұқпасынан 3 адам: 2 ересек, 1 бала көз жұмды.

Алматы билігі мамырдың соңында менингокок жұқпасына қарсы екпе сатып алмақ.

Соңғы жаңалықтар