Алматыда мемлекеттік шекараны кесіп өтуге әрекеттенген ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында жалған құжатпен Қазақстанға өтуге әрекеттенген ер адам ұсталды. 1963 жылы туған азамат Қырғыз Республикасының жалған төлқұжатын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Анықтау амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 2015 жылдың 23 қазанында болған еді. Алматы халықаралық әуежайында Стамбулдан Алматыға ұшып келген ТК 350 рейсін ресімдеу барысында қазақстандық шекарашылар өз қырағылықтарын тағы бір дәлелдеді.

1986 жылы туған жігіттің тексеруге ұсынған Қырғыз Республикасының азаматына тиесілі шетелдік төлқұжатының кейбір беттерінің шеберлікпен қолдан жасалғандығы шекаралық бақылау қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Тексере келе бұл азаматтың тек шетелдік төлқұжаты ғана емес, өзімен бірге алып жүрген Қырғыз Республикасының ID-картасы толығымен қолдан жасалғандығы анықталды.

Кейін анықталғандай, осы төлқұжатпен бұл азамат Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы Манас әуежайынан Түркияға 2014 жылы ұшып кеткен. Жалған паспортпен екі елдің аспанын емін-еркін шарлаған адамның халықаралық сапарын қазақстандық шекарашылар тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар