Алматыда мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай автошеру өтті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне арналған дәстүрлі автошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автошерудің негізгі атрибуты Қазақстанның туы болды.

18 автокөлік көк байрақты желбіретіп Наурызбай ауданының көшелерімен жүрді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акцияны жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

«Біз осы акция арқылы патриотизмді көрсеткіміз келді. Өскелең ұрпаққа осындай мереке бар екенін және мемлекеттік рәміздер біздің мақтанышымыз екенін көрсету, жеткізу маңызды. Біз бұл мерекені кең көлемде атап өтуіміз керек. Оны тек мектеп қабырғасында немесе ұйымдарда ғана тойламау керек», - атап өтті Наурызбай ауданының әкімді.

Биыл мемлекеттік мереке 29-шы рет аталып өтуде.


Соңғы жаңалықтар