Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Достық үйінде «Тәуелсіздік нышандары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөңгелек үстелге қатысушы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты ҚХА қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Юрий Шиннің айтуынша, бүгінгі мерекенің мәртебесі биік.

«Бүгін біз ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге жиналдық. Бұл мейрамның біздің мемлекет үшін маңызы жоғары. Этномәдени бірлестіктер «Менің туым – Қазақстан Туы» деген жаңа челлендж бастады. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Сондықтан әр этнос Қазақстан Туын өзінің төл туы деп санайды»,- деді Юрий Шин.

Шара барысында барлық қатысушылар ҚР рәміздерінің тарихына тоқталды.

«Осыдан тура 29 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын бекітті. Біз Қазақстан деген көпұлтты елде тұрамыз және біз үшін ортақ мерекені атап өту маңызды. Біз әрбір өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, өсіруміз керек.Тәрбие дәстүрлі түрде жүргізілуі керек. Біз қолда барды бағалауымыз қажет», - деді «DATUB» Түрік-Ахыска дүниежүзілік одағы төрағасының орынбасары Расул Ахметов.


Соңғы жаңалықтар