Алматыда мемлекеттік медициналық орталық сатылымға шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру шеңберінде Алматыда Аймақтық диагностикалық орталық пен Ә.Қастеев музейінің жанындағы өнер мектебі электронды тендерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық диагностикалық орталықтың бастапқы бағасы 4,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сатып алудың басты шарты - кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі профилін сақтау. Электронды тендер 12 қыркүйекке белгіленді.

Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің құны 328 млн теңгеге бағаланған. Сауда 20 қыркүйекте өтеді.

«Үш жылға бөліп төлеу қарастырылған. Алғашқы алдын-ала жарна мөлшері сатылған бағаның 15 пайызынан кем болмауы тиіс. Алғашқы жарна сату-сатып алу келісімшарты жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде енгізілуі тиіс.

Кейінгі төлемдер барысында әлі төленбеген сомаға ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасына сәйкес пайыздық мөлшерлеме қосылады.

Жылжымайтын мүлік жер телімінен бөлек сатылады.

Сатып алушы жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын ҚР Жер кодексіне сай бөлек төлейтін болады», - делінген хабарландыруда.

Сатушы - Алматы қалалық Қаржы басқармасы бұған дейін де «Қайрат» футбол клубындағы әкімдіктің 30 пайыздық үлесін саудаға шығарған болатын. Алайда, оны сатып алуға ынта білдіргендер болмаған соң сауда өтпеді.

Қазақстанда электрондық тендер 2016 жылдың басынан бері қолданыста. Мұнда әр қатысушы өзінің бағасын электрондық конвертке жүктеп, реестрдің арнайы веб парақшасына тіркейді.

Соңғы жаңалықтар