Алматыда мемлекеттік қызметкерге пара берген кәсіпкер сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкеріне 100 мың теңге көлемінде пара бермек болған кәсіпкер енді мемлекетке 30 есе артық ақша төлейтін болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері тексеру барысында «Жунисбекова БЖ» ЖК қожайыны 8 шиша сыраны лицензиясыз саудалағаны анықталды. Сондай-ақ, кассадағы ақша касса аппаратындағы сомадан 277,8 мың теңгеге артық болып шыққан.

Кәсіпкер әкімшілік материал толтырмас үшін мемлекеттік қызметкерге 100 мың теңге көлемінде пара ұсынған. Ақшадан бас тартқан МКБ қызметкері Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарлаған. Біріккен операцияның арқасында Б.Жүнісова ұсталды.

Бостандық ауданының №2 соты оны ҚР ҚК 367-бабы бойынша айыпты деп тауып, 3 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот кәсіпкердің айыбын мойындағанын және кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы барын ескерді.

Соңғы жаңалықтар