Алматыда Мемлекеттік кіріс департаменті жұмысқа кірісті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімдігінде Мемлекеттік кіріс департаментінің құрылуына байланысты жиын өтті. Жаңа мемлекеттік орган басшысы Марат Сұлтанғазин мемлекет қазынасын толықтыруда аталған органның жұмысы қалай жүретінін айтып берді.

«Соңғы екі жылда үлкен жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде салықтық есеп беру 2 есеге азайды. Қазір Алматыда салықтық есеп берудің 96,4 пайызы электронды режімде беріледі. 2013 жылы көрсеткіш 87,4 пайыз болатын. Сондай-ақ, 32 қызметтің 23-і автоматтандырылған. Осындай жұмыстар кедендік бақылауда да пайдаланылады», - деді департамент басшысы.

Орган тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу арқылы жоспарлы тексерулердің санын азайтпақ.

Марат Сұлтанғазиннің айтуынша, жаңа орган жалған кәсіпкерлік пен мемлекеттік тендер жеңімпаздарының қызметін жіті бақылауға алады.

Тауар импорты мен оны сату арасы камеральды бақылау арқылы қадағаланады.

Қала басшысы департаменттің алдында тұрған түйткілді мәселелерді қозғап өтті.

«Қазір жалған кәсіпкерлікпен күрес нәтижесінде «оларды заңсыз деп қабылдау» туралы 31 сот шешімі шықты. Бұл «кәсіпкерлердің» келтірген залалы 33 млрд. теңге болды. 185 іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, мемлекеттік тендердің 890 жеңімпазының жалпы айналымы 1,5 трлн теңге болды. Ал төленген сома 70 млрд. теңге ғана. Салықтық жүктеме коэффициенті 4 пайызды ғана құрады. Қарап отырсаңыз, мектептер, ауруханалар, мұражайлар 10 пайыз салық төлейді. Ал, әлеуметтік сала мен нақты бизнесті қалай салыстыруға болады?», - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар