USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда мемлекет меншігіндегі пәтер заңсыз сатылып кеткен

2017 жылғы 11 желтоқсан 12:59
Бөлісіңіз:
Алматыда мемлекет меншігіндегі пәтер заңсыз сатылып кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы Медеу ауданында сот шешімдерінің орындалуын мониторингілеу барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген 36 пәтердің мемлекет кірісіне алынбағандығы белгілі болды.

Прокурорлық шара қолдану актілері бойынша жалпы құны 1,5 миллиард теңге болатын нысандар балансқа қабылданды және коммуналдық тұрғын үй қорына алынды.

Сондай-ақ, 2 пәтер аукцион арқылы сатылып, бюджетке 205 миллион тенге түсті.

Тексеру барысында мемлекет пайдасына тәркіленген пәтердің қайта заңсыз сатылғаны анықталды.

Бұл заңсыз мәміледе сату барысында сотталған ер адамның тыйымды алып тастау бойынша әділет саласында қызмет істейтін ағасы және бірқатар делдалдардың қатысының барлығы анықталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғалар қамауға алынды.

Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында аудан прокуратурасы пәтерлерді сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, шартты бұзу туралы талап енгізді. Медеу аудандық соты талаптарды қанағаттандырды. Сот мәмілені жарамсыз деп таныды.
Қазіргі уақытта, Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасының атына пәтерлерді Алматы қаласы коммуналдық тұрғын үй қорына алу туралы хат жолданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT