+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін 54 жер учаскесі сатып алынды

2020 жылғы 21 қазан 18:03
Бөлісіңіз:
Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін 54 жер учаскесі сатып алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осы жылдың тоғыз айында мемлекет қажеттілігі үшін 54 жер учаскесі сатып алынды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жобаларды жүзеге асыру үшін жер сатып алу толығымен аяқталды.

«Жыл басынан бері Алматыда жер комиссиясының 27 жиыны өтті, онда заңды және жеке тұлғалардың 3680 өтініші қаралды. Нәтижесінде өтініштердің 73 пайызы оң шешімін тапты. Оған қоса Алматы әкімдігінің 515 жарлығы шықты. 2019 жылы бұл көрсеткіш 2 мыңнан асқан еді. Сонымен қатар мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу жүргізілуде. Биыл біз 54 жер учаскесін сатып алдық, олар «Дархан» ықшамауданына мектеп салу үшін, БРТ жобасына, айналма көпір салу сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобаларға алынды. Жер учаскелерін сатып алу бюджеті биыл 1,8 есеге артты», - деді Ардақ Самамбетов.

Сонымен қатар, ол биыл проблемалық кредит бойынша банкке тиесілі болған 383,5 гектар жер қалаға берілгенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT