Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін 105 жер телімі сатып алынды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет қажеттілігі үшін 105 жер учаскесі алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингісі барысында қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет мұқтажы үшін қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында 105 жер телімі алынды. Мысалы, Абай даңғылын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту үшін, сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрығын салу үшін жер телімдерді сатып алу аяқталды», - дейді спикер.

Сонымен қатар, Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес, шағын ауданда жол салу үшін әл-Фараби даңғылының бойындағы (Витебская көшесінің қиылысы) жер телімдері сатып алынды.

«Бұдан бөлек, жыл басынан бері Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы энергетика, денсаулық сақтау, балабақша, спорт және басқа да нысандар құрылысы үшін 58 жер телімін берді»,- дейді басқарма басшысы.



Соңғы жаңалықтар