Алматыда «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда республикалық «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр, қайырымдылық жасауға асық жандар жетерлік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 5 шілдеде басталды. Бұл акция 12 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова кәсіпкерлер мен меценаттарды қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырды.

«Оқу жылының басталуына аз қалды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға барынша қолдау қажет. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, десекте қалталы азаматтардың да көмегі қажет. Қайырымдылық акциясына барынша қолдау көрсетіп жатқандарға алғыс айтамыз», - деді Гүлнәр Ходжабергенова.

Оның айтуынша, 2018 жылғы акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтті. Осы қайырымдылық шара бойынша 14 250 оқушы 141,3 млн теңгенің материалдық көмегін алған.

«Мемлекет басшысының арнайы тапсырысына сәйкес, «Мектепке жол» акциясы жыл 12 ай жалғасатын болады», - дейді Гүлнәр Ходжабергенова.

Соңғы жаңалықтар