Алматыда мектеп терезесінен оқушы құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиға 10 қыркүйек күні болған. Бірінші сынып оқушысы №80 мектепттің екінші қабатынан құлаған.

Жарақат алған бала шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, содан кейін травматология бөліміне ауыстырылды.

«Алты жасар баланы көпсалалы медициа бригадасы тексерді. Науқасқа бас сүйегінің жарақаты, мидың шайқалуы, аяғының төменгі жағының екі жерден сынуы деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта оныңжағдайы қалыпты»,- деді ведомстводан.




Соңғы жаңалықтар